14
март
2025
Бүгін гимназияда зерделі ғалым, қоғам қайраткері, біртуар тұлға Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына орай танымдық шара өтті.
Бірінші бөлімінде химик-металлург, техника ғылымының докторы, профессор, Қаз КСР ғылым академиясының академигі, Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры тұрғысынан таныстырылым жасалды.
Екінші бөлімінде Ебіней Бөкетовтың Жазушылар одағының мүшесі ретінде және әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы болғанын, артына қос тілде қаншама мұра қалдырғаны жөнінде айтылды. Е.Бөкетов: “Мен… әдебиетті білмеген ғалымды асыл мәнінде нағыз ғалым болады деп айта алмас едім, үлкен ғалымдар қашанда мәдениеті жоғары, әдебиетке жетік болған” деп жиі айтқан екен.
Осыған орай Е.Бөкетовтың “Жас Қаныш” кітабын оқып TEDx форматтағы жаңа жобаға қатысып, орын алған оқушылар сахна төріне 4-сынып оқушыларының алдына қайтара шығып, кітап мазмұнын баяндап, әсерлерімен бөлісті. Жас жеткіншектерге үлгі болып, нәтижесін көрген әр оқушы тамаша ой жетегінде кетері сөзсіз.
ссылка 1Екінші бөлімінде Ебіней Бөкетовтың Жазушылар одағының мүшесі ретінде және әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы болғанын, артына қос тілде қаншама мұра қалдырғаны жөнінде айтылды. Е.Бөкетов: “Мен… әдебиетті білмеген ғалымды асыл мәнінде нағыз ғалым болады деп айта алмас едім, үлкен ғалымдар қашанда мәдениеті жоғары, әдебиетке жетік болған” деп жиі айтқан екен.
Осыған орай Е.Бөкетовтың “Жас Қаныш” кітабын оқып TEDx форматтағы жаңа жобаға қатысып, орын алған оқушылар сахна төріне 4-сынып оқушыларының алдына қайтара шығып, кітап мазмұнын баяндап, әсерлерімен бөлісті. Жас жеткіншектерге үлгі болып, нәтижесін көрген әр оқушы тамаша ой жетегінде кетері сөзсіз.
ссылка 2
ссылка 3




