07
март
2025
8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Қазақ қызы – ұлттық құндылықтың айнасы» тақырыбында 9-сынып қыздары арасында
психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: қазақ қызының инабаттылығы, әдептілігі, қайырымдылығы сияқты қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бағалау мен сенімділікті қалыптастыру. Тренинг барысында «Мен қандаймын?» жаттығуында қыздар шеңберге тұрып, өз есімін және өз бойындағы жақсы қасиетті ұлттық сипатта айтты. «Қазақ қызы қандай болуы керек?» топтық жұмысында қазақ қыздарына тән ұлттық құндылықтарды сипаттайтын сөздерді жазды. «Қуаныш сыйлайтын жазбалар» жаттығуында оқушылар өздері мейрамхаттарды бояп, ішіне әсерлі құттықтауларын жазды.
Мектеп педагог-психологтары: Серікқалиева Ш.С. Абельдинова Г. Ж.
ссылка 1Мектеп педагог-психологтары: Серікқалиева Ш.С. Абельдинова Г. Ж.
