30
март
2024
Бүгін гимназиямызда YBYRAI CUP облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің бас ұйымдастырушылары Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы және гимназиямыздың “Кел, балалар, оқылық” пікірсайыс үйірмесі. Турнирдің ашылу салтанатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасы Калиева С.С., облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және оқытудың қосымша нысандарының бөлімінің басшысы Нуриманова А.Е. қатысып, жас дарындарға сәттілік тіледі!
Турнирге облысымыздың үздік 30-дан астам фракциясы қатысты. 3 лиганың үздіктерін анықтау мақсатындағы турнирдің нәтижесі төмендегідей:
Қазақ лигасы:
🏆 “Ва-Банк” фракциясы 22 мектеп-лицей
🥈”Аргумент” фракциясы Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназиясы
🥉 “Найзағай” фракциясы Аягөз ауданы.
Орыс лигасы:
🏆 “Жалын” фракциясы, N6 гимназия & Экономикалық лицей
🥈 “NUR 2” фракциясы Назарбаев Зияткерлік мектебі
🥉 “Law of power” фракциясы N6 гимназия
Ағылшын лигасы:
🏆 “Cherry Gloss” фракциясы Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназиясы
🥈”Le art” фракциясы Экономикалық лицей
🥉”On the line & QAZAQ” фракциялары, Назарбаев Зияткерлік мектебі & Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы
Турниріміз қазақи стильде өтіп, “Үздік образ” номинациясын “Dabble A” фракциясы, 35 мектеп иеленді.
Жеңімпаздар арнайы кубоктармен және ерекше сыйлықтармен марапатталды.
Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!!
ссылка1@abai_daryn_ortalygy @37_gymnasium_pikirsays
