18
март
2023
Шәкәрім Университетінің студенті, машықкер Еркін Айым 9 «Ә» сыныбына «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» мерекелік сынып сағатын өткізді.
Сынып сағаты топ аралық инттелектуалды сайыс форматында өткізілді. «Білім шапағаты» интеллектуалды сайысы бес кезеңді қамтыды. Бірінші кезең – «Білім ұяшықтары», сұрақтар мектеп бағдарламасынан қойылды, екінші кезең – «Жер шежіресі – ел шежіресі» сұрақтары еліміздің тарихы мен жеріміз жайлы, үшінші кезең – «Мақал – ойдың інжуі» мақал-мәтел жалғастыру, төртінші кезең – «Білім қоржыны» кезеңі ұлттық ойындар анықтамасын сәйкестендіру, бесінші кезең – «Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазынам» ата дәстүрлерімізді насихаттау, топпен қойылым көрсету. Сайыс барысында 9 «Ә» сынып жетекшісі – Жадыра Кошербаевана әділқазы болып, қорытында жасады. Сынып сағатына белсенді қатысқан оқушылар, Есен Аяжан, Серікқалиев Олжас, Сабыр Лунара, Шыныбаев Алихан алғыс хаттармен марапатталып, «Үздік образ» номинациясы Амантай Ельжасқа табысталды. Бес кезең нәтижесі бойынша ІІІ орын – «Тақия» тобы, ІІ орын – «Барқыт тартады», жеңімпаз – «Болашақ» тобы.
