24
февраль
2023
«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Біз оқыған бір кітап» іс-шарасы өтті.
Тұғырынан түспей, тәрбиелік мәні жағынан ізгілік пен бірлікті үндеп келе жатқан Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» кітабын “жасұландықтар” оқып қана қоймай, кейіпкерлердің іс-әрекетін ұйым бағыттары бойынша талқылады. Іс-шараға қатысқан 6-7 сынып активтері шығарманы талдап, сараптап, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыра алды.
ссылка