10
февраль
2023
2023 жылдың 10 ақпан күні Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің
Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертханалық кабинеттің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес тәжірибе алмасу мақсатында Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абенова Динар Бектуровна 7-ші сынып оқушыларына Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын бекіту тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Зертхана жетекшісі Қ.Қ.Жакенова, Г.А.Досжанова және шығармашылық топ мүшелері өткізілген сабақты талдап, өз ойларымен бөлісті. Сабақ жоғары деңгейде өтті. «Қанипа әлемі» үйірмесі мүшелері Нұрмухаметова Дильназ, Маматканова Ажар оқушыларға зертхана алаңында атқарылған жұмыстарға таныстырылым жасады.

ссылка