28
декабрь
2022
"Жаңа жыл — жақсылықтың жаршысы" 26.12.2022 жыл күні гимназия дәстүріне сәйкес 4- сынып оқушыларына жаңа жылдық мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында ұстаздар мен жас мамандар бірлесіп қойылым қойды. "Өнерге қанат қаққандар" үйірмесінің оқушылары мен "Балауса" бишілер тобы бастауыш сыныптарға өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар жаңа жылдық мерекені көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды. Жаңа жыл баршаларыңыздың отбасыларыңызға жақсылығын ала келсін!