05
декабрь
2022
Биылғы оқу жылында оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, қалалық олимпиадаға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында ғылым негіздері бойынша гимназияішілік пән олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға 562 оқушы қатысты: қазақ тілі мен әдебиетінен 62 оқушы, орыс тілі мен әдебиетінен 82 оқушы, ағылшын тілінен 81 оқушы, Қазақстан тарихынан 69 оқушы, құқық негіздерінен 22 оқушы, математикадан 67 оқушы, биологиядан 56 оқушы, химиядан 25 оқушы, географиядан 40 оқушы, физикадан 34 оқушы, информатикадан 24 оқушы. Осы оқушылардың 308-і жүлдегер атанды. Гимназияішілік лездемеде жүлдегер оқушылар грамоталармен марапатталды. 1-орын алған қалалық олимпиадаға баратын оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
ссылка1
ссылка1
