08
ноябрь
2022
#37гимназияға30жыл
ссылка1
ссылка2
ссылка3

ссылка2
ссылка3
«Еңбек еткен- мұратқа жеткен» тағылым сағаты.
Кабиева Гүлшат Досанқызы мен Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызының «Еңбек еткен- мұратқа жеткен» тақырыбындағы тағылым сағатының мақсаты гимназияда еңбек еткен ұстаздармен, гимназия түлектерімен әңгімелесе отырып, еңбектің арқасында бүгінгі жетістіктері туралы сұхбаттасу еді. Келген қонақтарды қарсы алғанда сандар жазылған кәмпиттер ұсыну арқылы, сол сандар бойынша ғажайып алаңдағы айналмалы барабан нұсқаған сан иесі қойылған сұрақтарға жауап берді.Қатысушы қонақтарымыз да белсенділік танытып, тақырыпқа сәйкес еңбектің арқасында жеткен жетістіктері, еңбектің адам өмірі үшін өте маңыздылығы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ғажайып алаң барабаны арнайы сыйлық та ұсынып, қонақ кәде де сұрады. Сыр сұхбат барысында қазақ тілінің мұғалімі болған Гүлмира Бақдәулетқызы өз еңбегінің өнермен байланыстылығын айта келіп, бүгіндері Бородулиха аудандық мәдениет үйінің директоры қызметінде жүргенінін тілге тиек етсе, Қалдықыз Есболатқызы Астана қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі екенін айта келіп, айналмалы барабанда нұсқаған қонақ кәдеге әсем әнін жолдап, тағылым сағатын нұрландыра түсті. Ардақ Рахымқызы да еңбегінің жетістіктері ретінде шәкірттерінің жетістіктерін мақтанышпен атай келіп, бүгіндері қаламыздағы №40 мектепте қызмет етіп жатқанын айтып өтті. Гимназия түлектері де бүгіндері әр түрлі жерлерде еңбек етіп, осындай жетістіктерге жеткендері ұстаз еңбегінің жемісі екенін айтып өтті. Бүгінгі тағылым сағатынан алған әсерлерін стикерлерге жазып «Білім ағашына» ілді.