08
ноябрь
2024
2024-2025 оқу жылы бойынша қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тест тапсыруға оқу жылының басында құрылған жоспарға сәйкес,
11 сынып оқушыларының дайындығының сапасын жақсарту мақсатында пән мұғалімдерімен 6 қазан күні директор жанында кеңес өтті. Ітоқсанда қорытынды аттестаттау форматына жақындатылып алынған әкімшілік бақылау мен байқау сынақтары пән мұғалімдерінің қатысуымен талданды. «Алтын белгі» белгісіне және «Үздік аттестатқа» ұсынылған үміткерлердің жұмысы ерекше қаралып, пән мұғалімдері өз пікірлерін айтты. Дайындықты күшейту мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізіп, қосымша сабақтарды жүйелі, сапалы жүргізу керектігі айтылды. 







