07
апрель
2025
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мен «Досболlike» жобасы аясында 7-сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 2-сыныптар арасында «Көңілді старт» спорттық жарысы өткізілді.
Жарыстың мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, жылдамдық, ептілік, күш сияқты қасиеттерін дамыту, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Шараға 2-сынып оқушыларынан құралған 6 команда қатысты. Әр топқа 8-сыныптардың спорт секторлары тәлімгерлік етіп, жол бастады.
Сайыс басталмас бұрын, дене шынықтыру мұғалімі Санатов Нұрзат Романұлы оқушыларға сергіту жаттығуларын жасатып, қауіпсіздік ережелерін еске түсірді.
Барлық сайыстар қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар бар күш-жігерлерін салып, командаларына жеңіс әкелуге тырысты. Эстафета қорытындысы бойынша 2 "А" сыныбының "Бірлік" тобы жеңіске жетті.
II орын: "Қыран" тобы (2 "Г" сыныбы);
"Алғырлар" тобы (2 "Ғ" сыныбы).
III орын: "Жұлдыз " тобы (2 "Ә" сыныбы);
"Сұңқар" тобы (2 "В" сыныбы).
Ұйымдастырушылар: аға тәлімгер, "Жас Ұлан" ұйымы, 8-сынып спорт секторлары.
ссылка 1 Шараға 2-сынып оқушыларынан құралған 6 команда қатысты. Әр топқа 8-сыныптардың спорт секторлары тәлімгерлік етіп, жол бастады.