15
март
2025
14.03.2025 8 «Ә» сыныбында Көрісу күні атап өтілді. Наурыз айының шапағат шуағын ала келген ерекше күнмен сынып жетекшісі Алма Ермековна мен машықкер Балғын Қуанышқызы сынып оқушыларын құттықтап
қазақтың ұлттық төл мейрамы Көрісу күнінің маңызын түсіндірді. Дайындалған презентация бойынша сынып оқушыларына Көрісу күні жайында ақпарат берілді. Оқушылар ұлттық нақыштағы киімдерін киіп келіп, өздерінің ұлттық мейрамдар мен құндылықтарға деген құрметін білдірді. Бауырмалдықты, кешірім мен аман-саулық сұрасуды дәріптейтін бұл күнде сынып оқушылары өздері білетін мәліметпен бөлісіп, лебізді тілектерін жолдады. Сынып сағатын қорытындылау барысында оқушылар қазақ дәстүрі бойынша қол алысып, төс қағысып, құшақтасып аман-саулық сұрасты.
Ұйымдастырған:
Сынып жетекші Шәріпхан А.Е.
Машықкер Болатова Б.Қ.
ссылка 1Ұйымдастырған:
Сынып жетекші Шәріпхан А.Е.
Машықкер Болатова Б.Қ.
