25
февраль
2025
24.02.2025 ж. “Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы” КММ -де Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 180 жылдығы мен Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, қайраткері Қ.Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған
“Абайдың сөзі -қазақтың бойтұмары” атты қазақ тілі және әдебиеті пән апталығы онкүндігінің жабылу салтанаты болып өтті. Жиында апталық аясында атқарылған іс-шаралардың бейнебаянына шолу жасалып,”Абай әлемі” клубы мүшелері Абай өлеңдері мен қарасөздерін үш тілде мәнерлеп оқып, “Шешендік өнер” үйрмесінің мүшелері ұлы шешендердің сөздерінен сыр шерітіп,домбыра оркестр “Келіншек” күйін орындап, Шәкәрім атындағы университет машықкерлері Абайдың “Бойы бұлғаң” әнін сазына келтіре орындады. Жиын соңында гимназия әдіскері Шыныбекова Назгүл Амиртаевна сөз алып, апталыққа белсне қатысушы оқушыларды Грамоталармен ,Алғыс хаттармен марапаттады.Ұйымдастырғандар: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Орынғожина Л.С;Машықкерлер: Құдайбергенова Ж.,Аталық В., Қожанова Е.
ссылка 1


