«Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз»
Қазанның 7-12 аралығында «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты «Жас мамандар» мектебінің апталығы өтті. Мақсаты: жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау көресету.
Апталық басталған күні гимназия директоры Малгаждарова Жанат Зейнелқызы, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бейсембаева Нургуль Бейсеновна тәлімгерлер және жас мамандар қатысуымен кездесу өткізіп, апталық мақсатымен, жоспарымен таныстырды. Кездесу соңында «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Рүстемова Камшат Мырзаханқызы «Өзіңді таны. Маман болып қалыптасуда қандай проблемаларға кезіктің және оны қалай шештің?» тақырыбында жас мамандардан бастапқы сауалнама алды. Сауалнама қорытындысы бойынша жас мамандарымыздың бәрі өз мамандығын дұрыс таңдап, педагогикалық жұмысқа саналы түрде келіп, гимназиядағы жұмысының сапасына көңілі толатындықтарын, мамандық ауыстыру туралы ойылары жоқ екенін жеткізді.
9 қазан күні гимназия психологтары Ақмарал Нұрланқызы және Мейіржан Жанарбекұлы жас мамандармен жағымды психологиялық ахуал тудыра отырып, «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» атты тренинг өткізді. Тренинг жас ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлап, ортаға бейімделу, бір-бірін жақсы танып білу, жақын қарым-қатынасқа түсу мақсатында өте жоғары дәрежеде өтіп, өз нәтижесін көрсетті.
11 қазан күні гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері әрі тәлімгерлер, Рүстемова К.М., Махамбаева Л.К., Сыдыкова Ж.Т. жас мамандарға арналған «Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың тиімділігі» атты коучинг өткізді. Коучингте тәлімгерлер алдына қойған мақсаттарына жетіп, жас ұстаздарымыз өз белсенділіктерін көрсете білді. Коучингтан кері байланыс туралы ақпарат алып, оның түрлерін, қолданылуын үйренгендерін айтты. Коучинг соңында әдістемелік-ақпараттық жадынама таратылды.
14 қазан күні жаратылыстану пән мұғалімдері, тәлімгерлер Архыматаева А.Ж., Кабиева К.Д., Серікбаева М.Ш. ұйымдастыруымен «Сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдер» атты мастер-класстан жас ұстаздарымыз өздерінің сабағында қолдана алатын көп әдіс–тәсілдерді үйреніп, іскерлік пен кәсіби құзіреттіліктерін арттырды. Сонымен қоса, апталық кезінде жас мамандар өздерінің тәлімгерлерінің және басқа да пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, іс-тәжірибелерін арттырды. Жоспар бойынша апталық жұмысын қорытындылау мақсатында әкімшілік, тәлімгерлер, жас мамандар қатысуымен дәңгелек үстел өткізіліп, пікір алмасу жүргізілді.
Қорытынды: Апталық барысында жоспарланған іс-шаралар толық өткізілді. Жас ұстаздардың өз кәсібіне деген көзқарасын, құзіреттіліктері мен қызығушылығын арттырды. Жас мамандарға қолдау және көмек беру мақсатында ұйымдастырылған апталық өз мақсатына жетті.




