02
март
2024
01.03 Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында “Қазақ тілі- ғажап тіл” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында
Салтанат Бекайдарқызының жетекшілігімен және машықкерлер Тұрсынова Дильназ бен Берікболова Еркежанның ұйымдастыруымен 9 және 10 сыныптар арасында “Қазақ тілінің маңыздылығы” атты конференция болып өтті. Конференцияда қазіргі тіл мәселесі, жастар тілінің бұрмалануы, жарнамадағы сауатсыздық сияқты келелі мәселелер көтеріліп, ортада талқыланды.


