27
февраль
2024
27.02.2024. Семей қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы Nº37 гимназиясында "ҚАЗАҚ ТІЛІ - ҒАЖАЙЫП КЕМЕЛ ТІЛ" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі онкүндігінің жоспарына сәйкес
М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінің жарық көргеніне-90 жыл " толуына орай "Адам және табиғат"тақырыбында талдау сабағы болды. Сабаққа Семей қалалық орталық кітапхана қызметкері Жиенбаева Жанна Слямхановна келіп оқушыларға "Көксерек" әңгімесінің туу тарихы туралы айтып, "Көксерек" фильмінен үзінділер көрсетіп, қасқырлар туралы қосымша қызықты кітаптармен таныстырды. "Құрмаштың өліміне кім кінәлі?" деген сауал төңірегінде оқушылардың ойы тыңдалды. Қызықты мәліметтер оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.
Ұйымдастырған: 7 "Ә" сынып жетекшісі Нургамысова Ш.М.
#Қазақтіліменәдебиетіпәніонкүндігі
Ұйымдастырған: 7 "Ә" сынып жетекшісі Нургамысова Ш.М.
#Қазақтіліменәдебиетіпәніонкүндігі









