30
март
2023
Абай облысының Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия директоры Малгаждарова Жанат Зейнелевнамен роботтехника бағытында жұмыс жасап жүрген мұғалімдер Алмат Хамитов, Ақжол Оралбеков, Баян Бақытбекқызы өз жұмыстарымен бөлісті.
Астана қаласындағы «Роботек» мектебінің қолданысқа жіберген «Озық ұрпақ» жаңа жобасы бойынша роботтехника бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Роботтехниканың негізі Lego Mindstorms EV3, роботты модельдеу және программалау, құрастыру дағдыларын жетілдіріп, оқушының шығармашылығын ұштау бағытында жұмыс жүргізіп отырғанын баяндады. Алдағы уақытта шәкірттерді түрлі сайыстарға, конкурстарға дайындап, «Роботтехника» бойынша жоғары деңгейде нәтиже көрсететіндігіне мұғалімдер сенім білдірді.
