06
март
2023
6 наурыз күні "Мәңгілік Ел" идеясының маңыздылығын түсіндіре отырып, елдігімізді сақтап, ата - бабаларымыздың аманатын болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында Тарих пәні онкүндігінің ашылуна арналған онлайн лездеме өткізілді.
Лездеме барысында гимназия ұстаздары мен оқушылары онкүндік жоспарымен және де биылғы 2023 жылы аталып өтетін тарихи атаулы даталармен таныстырылды. "Жас Сарбаз" 8 "А" сыныбының оқушылары: Ізғұтты Айзере, Советов Жанарбек, Джумагалиев Әділ, Орынгалиева Дания, Тәңірбергенов Мұхаметали лездемеде Отанына, туған жерінің тарихынан деген жүрекжарды лебіздерін өлең жолдары арқылы жеткізді. Тарих бірлестігі.