17
ноябрь
2022
#бастауышсыныпонкүндігі37гимназия
Гимназиямызда қаланың оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылған. Бүгін бастауыш сыныптарда өтіп жатқан онкүндік аясында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж машықкерлері Егізбаева Айдана Жұмабайқызы, Дауренқызы Шырын, Еслова Толғанай
4 сыныптар арасында математикадан "Талантыңмен таныл" атты сайыс өткізді. Сыныптар "Білімділер", "Тапқырлар", "Алғырлар", "Жүйріктер",
"Дарындылар" деген топтарға бөлініп логикалық есептер шығару, бейнелі сөзді табу, математикалық жұмбақ-есепті шығару, жасырылған математикалық атауларды табу сияқты тапсырмаларды орындап, сайысқа түсті. Сайыс өте қызықты өтті, барлық оқушылар белсенділік көрсетті. Сайыс соңында сыныптарға мақтау қағаздары тапсырылып, ерекше белсенділік танытқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.