Қыркүйек айының отызы күні гимназиямызда "Дублер күні" ұранымен өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылады.
Гимназияның тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Галымова Жадыра Мелисхановна 11-сынып оқушыларына өзіне тиесілі бекітілген сабақтарын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдерді, қысқа мерзімді сабақ жоспарын таныстырып, әдістемелік көмек көрсетті.