«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-де гимназияның орыс тілі пәні
Хаттама №1
Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-де гимназияның орыс тілі пәні мұғалімі уақытша бос лауазымына жарияланған конкурс хаттамасы.
Абай облысы , Семей қаласы 14.03.2025 жыл
Шәкәрім даңғылы,70 сағат 11.10
Тыңдалды:
Конкурс төрағасы Садуакасова Г.К.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына енгізілген өзгеріс (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №362) 3-тарау, 5-параграф, 17,18-қосымшаға, 2025 жылдың 28 ақпанындағы №01-12/350 а бұйрығының негізінде, 28 ақпан күні гимназияның орыс тілі пәні мұғалімі уақытша бос лауазымына конкурс жарияланған болатын.
Конкурс өткізу туралы хабарлама гимназияның интернет ресурсы 37-semey.mektebi.kz, www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/, hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies/view/41829 және enbek.kz сайттарына жарияланды. Өтініш берудің мерзімінің аяқталуы 2025 жылдың 11 наурызы сағат 17:00.
Комиссия құрамының қарауына, осы мерзімде орыс тілі пәні мұғалімі уақытша бос лауазымына 1 өтініш: А.Т.Аркаровадан келіп түсті.
Конкурс отырысы 2025 жылдың 14 наурыз сағат 11.10-ға белгіленген. Отырыс бейнебақылауға түсіріліп, жазылды.
Садуакасова Г.К. – Қайырлы күн! Құрметті комиссия мүшелері Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияның уақытша бос лауазым орыны орыс тілі пәні мұғалімі конкурс жариялағанбыз 28 ақпан 2025 жыл. Дәл қазір конкурстың І кезеңін (сырттай турын) өткіземіз.
Төраға төмендегі конкурстық комиссия құрамымен таныстырып өтті:
Конкурс комиссиясының төрағасы | Садуакасова Гульназ Кажигалиевна- директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары; |
Конкурс комиссиясының мүшесі | Калиева Сара Сырымовна- директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; |
Конкурс комиссиясының мүшесі | Байсарина Нургуль Сайлауовна - Семей қаласының білім бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі; |
Конкурс комиссиясының мүшесі | Шыныбекова Назгуль Амиртаевна – директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары; |
Конкурс комиссиясының мүшесі | Исаханова Мансура Акинбековна – орыс тілі пәні мұғалімі. |
Комиссия мүшесі Байсарин Нургуль Сайлауовна семинарда болғандықтан, комиссия мүшелерінің 3/2 бөлігі отырғандықтан, комиссия отырысы ашық деп жариялаймын. Бізде 1 қатысушы құжаттарын тапсырыпты, қарап талқылап шығайық, іске сәт!
Комиссия мүшелері конкурсқа өтініш білдірушінің құжаттарын қарауға кірісті:
1. Аркарова Ажар Талгатовна – 3 қосымша бар, жеке бас куәлігі бар, жеке іс-парағы бар, дипломы бар (қосымшасымен бірге), еңбек кітапшасының көшірмесі бар(бар болса), НКТ тест бар, форма 0,75 бар, психоневрологиялық ұйымнан анықтамасы бар, наркологиялық ұйымнан анықтамасы бар, бағалау парағы бар (17 қосымша-10 балл), ұсыным хатында мөр қойылмаған.
Калиева С.С – Орыс тілі пәні мұғаліміне ұсынылып отырған кандидаттың ұсыным хатында мөр қойылмағандықтан, ол міндетті құжат болып табылады.
2024 жылғы 24 желтоқсандағы №362 бұйрығындағы 153 тармағындағы көрсетілген құжаттары толық еместігінен, конкурстың ІІ кезеңіне жіберілмейді.
Дауыс беруші - 4 комиссия мүшелері. Оң дауыс-4, қалыс қалған – 0.
Конкурстық комиссия құрамы біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, былай деп ШЕШТІ:
- Орыс тілі пәні мұғалімі уақытша бос лауазымына ұйымдастырылған конкурсына өтініш білдірген А.Т.Аркарованың конкурстың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, А.Т.Аркарованың кандидатурасы бекітілмесін;
- Орыс тілі пәні мұғалімі уақытша бос лауазымына конкурс қайтадан жариялансын.
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелері мен хатшысының қолдары.
Конкурстық комиссия төрағасы: ______________ Садуакасова Г.К.
Конкурстық комиссия мүшелері: _____________ Калиева С.С.
______________ Шыныбекова Н.А.
_______________ Исаханова М.А.
Конкурстық комиссияның
хатшысы ______________ Косетова А.С.