Конкурс. Педагог ұйымдастырушы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме педагог-ұйымдастырушы лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог-ұйымдастырушы лауазымы 1,0 жүктеме.
Орналасқан жері: индекс 071400 Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70, Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70
Электрондық пошталық мекен-жай- semey_37@mail.ru;
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күнде жүзеге асырылады.
Ақы төлеу : - бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 130 000 теңге
Лауазымдық міндеттері:
– тұрғылықты мекен-жайлары бойынша білім алушы оқушылардың (тәрбиеленушілердің, балалардың) жас және психологиялық ерекшелiктерiн, қызығушылығы мен қажеттiлiгiн зерделейдi, оларды әртүрлі шығармашылық қызметте iске асыруларына жағдай жасайды;
– балалар клубтарының, үйiрмелерінің, секцияларының және басқа да әуесқой бiрлестiктердің жұмыстарын, оқушылар (тәрбиеленушілер, балалар) мен үлкендердің бiрлескен шараларын ұйымдастырады;
– мекеме бойынша техникалық, көркем шығармашылық, спорттық, туристік-өлкетанушылық т. б. бағыттардың біріне жетекшілік етеді;
– балалар ассоциацияларын, бірлестіктерін құруға байланысты бала құқықтарының жүзеге асуына ықпал етеді;
– кештер, мейрамдар, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастырады, оқушылардың (тәрбиеленушілердің, балалардың) бос уақытты өткізу, ойын-сауық жөніндегі әлеуметтік мәні бар бастамаларын қолдайды;
– мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлерін, ата-аналарды, жұртшылықты оқушылармен (тәрбиеленушілермен, балалармен) жұмыс жүргізуге тартады;
– балалар кооперативтеріне, өзге де оқушылар (тәрбиеленушілер, балалар) еңбегін ұйымдастыру формаларына қолдау көрсетеді;
– оқушылардың (тәрбиеленушілердің, балалардың) каникулдық демалысын ұйымдастырады, оқу процесі кезеңінде олардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
– педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын өткізуге, білім беру бағдарламаларында қарастырылған сауықтыру, тәрбие және басқа бағыттар бойынша жүргізілетін шараларға қатысады; ата-аналар мен оларды ауыстыратын тұлғаларға әдістемелік және консультативтік көмек ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына атсалысады;
– еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтайды.
– білім беру процесі кезеңінде тәрбиеленушілер өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз етеді;
- Әр оқу жылы мен әр тоқсанның жоспарын тәрбие ісінің меңгерушісінің
басшылығымен құрады. Тәрбие жоспарын белгіленген мерзімнен 5 күн бұрын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бекітеді.
– еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагог-ұйымдастырушы лауазымына орта және жоғары кәсіби білімі бар тұлға, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.
Кәсіби құзыреттіліктерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану;
сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
бұдан басқа, "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 05 қыркүйегінен бастап 13 қыркүйегін қоса алғанда.
Құжаттарды қарау мерзімі 2023 жылғы 14 қыркүйегінен бастап 2023 жылғы 20 қыркүйегін қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: . 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
ҮЛГІ
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан |
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл саны (1-ден 20-ға дейін) | |
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы диплом | Техникалық және кәсіптік = 1 Жоғары күндізгі = 5 жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2 жоғары білім туралы үздік диплом = 7 | |
2. | Ғылыми / академиялық дәрежесі | Білімі туралы диплом | Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5 PHD-докторы = 10 Ғылым докторы = 10 Ғылым кандидаты = 10 | |
Ұлттық біліктілік тестілеуі | Сертификат | "Педагог" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60-қа дейін = 0 балл 60-тан 70-ке дейін = 2 балл 70-тен 80-ге дейін = 5 балл 80-нен 90-ға дейін = 6 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40-қа дейін = 0 балл 40-тан 50-ге дейін = 1 балл 50-ден 60-қа дейін = 2 балл 60-тан 70-ке дейін = 3 балл "Педагог-модератор" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін = 0 балл 60-тан 70 балға дейін = 3 балл 70-тен 80 балға дейін=6 балл 80-ден 90 балға дейін=7 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40-тан 50 балға дейін=2 балл 50-ден 60 балға дейін=3 балл 60-тан 70 балға дейін=4 балл "Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін=0 балл 60-тан 70 балға дейін=4 балл 70-тен 80 балға дейін=7 балл 80-нен 90 балға дейін=8 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40-тан 50 балға дейін=3 балл 50-ден 60 балға дейін=4 балл 60-тан 70 балға дейін=5 балл "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін=0 балл 60-тан 70 балға дейін- 5 балл 70-тен 80 балға дейін=8 балл 80-нен 90 балға дейін=9 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40 - тан 50 балға дейін=4 балл 50-ден 60 балға дейін=5 балл 60-тан 70 балға дейін=6 балл "Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл | ||
3. | Біліктілігі/Санаты. | Куәлік, өзге де құжат | 2 санат-1 балл 1 санат -2 балл Жоғары санатты-3 балл Педагог-модератор-3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог- зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл | |
4. | Педагогикалық қызмет өтілі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | 1 жылдан 3 жылға дейін = 1 3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5 5 жылдан 10 жылға дейін = 2 10 жылдан және одан артық = 3 | |
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | әдіскер= 1 балл директор орынбасары= 3 балл директор = 5 балл | |
6. | Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін | Білім туралы дипломға қосымша | Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл "жақсы" = 0,5 балл | |
7. | Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) | Хат | Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл | |
8. | Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері | - білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; - мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары; - мемлекеттік награда | олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл ғылыми жобалар-1 балл олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл "Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл "Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10 | |
9. | Әдістемелік қызмет | - авторлық жұмыстар және жарияланымдар | ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы | |
10 | Қоғамдық-педагогикалық қызмет | - көшбасшылық - көптілділікті жүзеге асыру | тәлімгер-0,5 балл ӘБ жетекшілігі -1 балл кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл 2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл 3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл | |
11 | Курстық дайындық | - пәндік дайындық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық сертификаты, ҚАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту | НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары – 0,5 балл курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке) | |
Барлығы: | Максималды балл – 83 | |||