16
май
2025
«Сөз өнері -сырлы әлем» атты әдеби кездесу кеші
Мамырдың 16-сы күні Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ, Бәтташ Сыдықұлы атындағы «Шешендік сөз өнері» орталығында айтыскер-ақын Серікзат Дүйсенғазы шығармашылығына арналған әдеби кездесу кеші өтті .
Кездесудің мақсаты: Қазақ әдебиетіне өзіндік үнімен келген, сырлы поэзиясымен ел құрметіне бөленіп жүрген ақын, айтыскер-ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің деканы Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазының шығармашылығын кеңінен насихаттау. Жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз құдіретін сезіндіру, рухани тәрбиені тереңдету.
Кездесу барысында жас ақын, «Жыр алыбы-Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысының жеңімпазы, 7-сынып оқушысы Асубаев Назар Серікзат Мақсұтұлына «Арнау» өлеңін айтты және гимназия оқушылары Серікзат Дүйсенғазының өлеңдерінен үзінділер оқыды. Гимназиямыздың жасқаламгерлері өздерінің жүрек жарды жыр-жолдарын оқып, ақынмен сұқбат барысында:
-Ең алғаш ақындық әлемге қалай қадам бастыңыз?
- Балалық шағыңыздан есіңізде қалған бір жарқын оқиғаны айтып берсеңіз?
-Өлең жазу барысында сізді не шабыттандырады?
-Ақын болу – бұл таңдау ма, әлде тағдыр ма?
-Өлеңдеріңізде қандай идеялар мен құндылықтарды жеткізгіңіз келеді? ...
деген сауалдар қойып, ақынмен ой бөлісті. Серікзат Мақсұтұлы өз жырларын оқыған оқушыларға алғасын білдіре отырып, ақындық деген кейде қан арқылы тарауы мүмкін. Арғы ата-тегінде ақындық болған адамның ақын болуы әбден мүмкін.Әрине, талаптылық та, білім де қажет.Абай атамыз айтқандай, « Өлең-сөздің патшасы, айналасы теп-тегіс жұмыр болып келу керек, ұйқас, буын, бунақ сандарының үйлесім табуы -өлеңнің құдіреттілігін асыра түсері қақ»- дей келіп, өз шығармашылығынан өлең оқып, «Көктем әні» жыр жинағын «Шешендік орталығына тарту етті.
Кешке арнайы келген қонақтарымыз Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Абай облыстық филиалының төрағасы Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы қазақ тілінің болашағы үшін өз үлесін қосқан Бәтташ Сыдықұлы туралы естеліктермен ой бөліссе, Қалалық білім бөлімінің басшысы Асқарова Дидар Асқарқызы осындай ерекше кездесулердің өткеніне қуанышты екенін айта келіп, Серікзат Мақсұтұлына еліміздегі жоғары оқу орнымен тікелей іс-шаралар, кездесулер өтуіне «көпір» болсаңыздар, бұл болашақ ұрпақтың сөз құдіретін түсінетін, поэзия тереңіне үңілетін терең ойлы шәкірттерімізге көп әсері болар еді деген тілегін білдірді. Әлихан Бөкейхан Университетінің ұстазы Шынар Ботаева оқушыларға қазақ тіліндегі «киелі сөздер» ұғымына үңілу керектігін және әр сөздің этимологиясына көңіл бөліп, орнымен қолдану үшін,сөз өнерінің құдіреттілігіне ерекше мән берілу керектігін айта келіп, осындай игілікті шаралар келешек ұрпаққа үлгі болары сөзсіз екендігіне тоқталды. Кештің соңында гимназиямыздың директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садуакасова Гульназ Кажыгалиевна келген қонақтарға, Серікзат Мақсұтұлына рақмет айта келіп, гимназия директоры атынан «Алғыс хат» және «Бәтташ» атты кітапты сыйға тартты. Осындай игі шаралардың бұл орталықта жиі өтіп жатқанын және осы оқу бөлмесінің ерекше жабдықталуына үлес қосқан Нұрлан Бәтташұлына ризашылық білдірді
Кешті ұйымдастырған: Нургамысова Шолпан Махмутовна -Бәтташ Сыдықұлы атындағы «Шешендік сөз өнері» орталығының меңгерушісі және Төкенов Еділ-10-сынып оқушысы