28
апрель
2025
Гимназия қабырғасында 8 сынып оқушыларына «Агрессияны басқару жолдары» атты тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға агрессия ұғымын түсіндіру, оны басқарудың тиімді жолдарын меңгерту, коммуникативтік дағдыларды дамыту. Тренинг барысында “Эмоцияны тап” атты көңіл-күйді көтеруге бағытталған ойын өткізілді. Жаттығулар барысында оқушылардың эмоцияларын ашық білдіру, пікірлесу, және топпен жұмыс жасау қабілеттері дамыды.
