13
сентябрь
2025
Ақпарат
2025 жылдың 12 қыркүйек күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертхана филиалының жетекшісі Қ.Қ. Жакеновнаның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған айлық аясында академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның өміріне арналған тағылымды кеш өткізілді.
Заманауи үлгіде қайта жабдықталған зертханада “Қанипа әлемі” үйірмесінің мүшелері Хан апаға арнаған өлең жолдарын оқып, кеш қонақтары қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.С. Байсарина мен ардагер ұстаз К.Д. Кәрібаевамен тағылымды сыр-сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбат барысында оқушылардың қойған сұрақтарына ұстаздар жауап беріп, Қ.О.Бітібаева жайлы естеліктерімен бөлісті.
Кеш соңы Айнұр Жаппарқұлова мен Ержан Досжанұлының сөзіне жазылған «Сарқылмайтын сағынышым – Хан апа» әнімен аяқталды.
