19
февраль
2025
Ұлт кемеңгеріне арналған жыр додасы!
Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай 5-7 сынып оқушылары арасында “Болмасаң да ұқсап бақ…” атты өлең сайысы ұйымдастырылды. Қазақтың бас ақынына деген құрмет пен сүйіспеншілікті паш еткен бұл бәйге жас ақындардың шабытын шыңдап, жыр додасында бағын сынауға мүмкіндік берді.
Сайыс екі кезеңнен тұрды:
✨ I кезең: “Шабытты жыр шумақтар шуағы” – қатысушылар өздері алдын ала жазған өлеңдерін ұсынды.
✨ II кезең: “Өлеңмен өрнекте ой иірімін” – қатысушыларға әділқазылар алқасы түрлі тақырыптар ұсынып, берілген 10 минут ішінде кемінде 3 шумақ өлең жазу тапсырылды.
Жарыс барысында оқушылар Абай мұрасынан шабыт алып, жүрек түкпіріндегі ойларын ақындық қуатпен өрнектей білді. Көптеген талантты үміткерлер арасынан ерекше дарынымен көзге түсіп, Бас жүлдені 7 «В» сынып оқушысы Сембай Інжу жеңіп алды!
Өлеңсүйер жас дарындарға алдағы уақытта да шалқар шабыт, талмас қанат тілейміз! Абайдай алыптың жолын жалғастырар ақынжанды жастар көп болсын!