02
октябрь
2024
Гимназиямызда қарттар күні мерекесіне орай 2 бөлімнен тұратын іс-шара өтті.
Бірінші бөлімде, ағылшын тілі пән бірлестігі “Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” атты мерекелік концерт ұсынды. Ұстаздар әннен шашу шашып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Екінші бөлімде, гимназиямыздың жас мамандары мен Даналық мектебіндегі ардагер ұстаздармен бірлескен “Ардагер ұстаздар-асыл жандар” аясындағы іс-шарамен жалғасты. Іс-шара барысында ардагер ұстаздарымыз ұстаздық өмірінен өнегелі естеліктерімен бөлісті. Еңбек жолын енді бастап жатқан жас мамандарға баталарын беріп, ризашылығын білдірді.
ссылка1
ссылка1

