«БІЛІМ ЖОЛЫ – ІЗДЕНІС, ДАМУ ЖОЛЫ – ӨЗГЕРІС» тақырыбында онлайн - ашық есік күні
Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия КММ-де мектеп директорларына «БІЛІМ ЖОЛЫ – ІЗДЕНІС, ДАМУ ЖОЛЫ – ӨЗГЕРІС» тақырыбында онлайн - ашық есік күні өтті.
Мақсаты: педагогикалық қызметкерлердің озат инновациялық шығармашылық тәжірибесін қазіргі зерттеулер мен педагогика және психология жетістіктерін ескере отырып тарату.
Онлайн - ашық есік күнінде білім бөлімінің басшысы Н.А.Фесенко алғы сөз сөйлеп, гимназия директоры Ж.З.Малгаждарова даму жоспарының орындалуы және гимназия ұстаздарының жеткен жетістіктері мен гимназияның бүгінгі келбеті мен даму жоспарындағы болашақтағы қадамдары туралы айтып өтті.
«Зерттеу сабақтары – оқушы дарындылығын дамытудың бір жолы» атты шеберлік сыныптар өткізіліп, зерттеуші мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Оқушы жетістігі – ұстаз абыройы» тақырыбындағы бейнетаныстырылымда оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстары бойынша олимпиада, ғылыми жоба, шығармашылық сайыстары мен спорттағы жетістіктері көрсетілді.
«Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» деген бөлімде гимназия түлектерінің бүгінгі күнгі жетістіктері туралы айтылды.
Сонымен бірге оқушыларға арналған қосымша білім беру саласы бойынша үйірме жетекшілерінің шеберлік сағаттары өткізілді.
«Идеядан – шығармашылыққа» әлеуметтік жобада 11 сынып оқушылары жиын залының заманауи үлгідегі жобасын ұсынып, нәтижесінде табысты ата-аналар жобаны қабылдап, жүзеге асырып, жиын залы жабдықталды.
Ашық есік күніне қатысушылар өнерлі оқушылардың онлайн концертін тамашалады. Соңынан кері байланыс жасалды.
