01
июль
2023
Балаларға арналған жадынама
Балаларға арналған жадынама
«Қалай зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға болады»
Ол үшін бес ережені біржола игеру керек:
- Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
- Олармен лифтке және кіреберіске кірме.
- Бейтаныс адамның көлігіне отырма.
- Мектептен кейін көшеде кешігіп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтатыныңды ата-анаңа ескерт.
- Әлеуметтік желіде бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер таныс емес адам саған балағат сөздермен хабарлама жазса дереу ата-анаңа айт.
Әрқашан «ЖОҚ»деп жауап бер:
- Егер саған қонаққа кіруге немесе үйге жеткізу ұсынылса, тіпті көршілер болса да.
- Егер бейтаныс адам бір нәрсе берсе немесе бір жаққа шақырса, өте қатты қызықтырып жатсада. Үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айт.
- Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақ ешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
- Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей кейіп таныт, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақыр.
- Егер істей алсаң, шабуылшыны біраз уақытқа шатастырып, көңілін аудару үшін бетіне бір нәрсе лақтыр, (мысалы, портфель, аяқ киім сөмкесі немесе жай ғана бір уыс ұсақ-түйек), адам көп жерге қарай қаш.
- Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіңе аудару үшін «Бұл менің әкем (анам) емес», «Мені шақырып жатыр!» деп қатты айқайла.
- Қауіпсіз жерде болғанда, дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, анық мекен-жайды, сондай-ақ белгілерін және шабуылшының кеткен бағытын айт.