25
январь
2023
24.01.2023ж.күні математика пән бірлестігінің мұғалімдері "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасы аясында Немат Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді" шығармасы бойынша ой бөлісті.
Қаламы қарымды жазушының бұл шығармасы шынайы оқиғаға негізделген. Туындыдағы әр сюжет қолдағы алтынның қадірін білуді үйретіп, қандай сәтте болмасын жақыныңның жанында болып, қолдау білдірудің қаншалықты маңызды екендігін сезіндіреді. Көңілге көрік, жүрекке ыстық сезім, тәнге жылу сыйлайтын туындыны оқуға, баяндалған ізгі қасиеттерді шәкірт бойына сіңіруге, сөйтіп ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосуға шақырамыз!