07
декабрь
2022
2022 жылдың 7 желтоқсанында Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ-де
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Балалықтан даналыққа: Ата-ана. Мектеп. Мұғалім» атты "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының сарапшысы, психолог, кітаптың авторы Сейілбек Мырзабаймен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай облысы бойынша «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының сенімді өкілі Сағымбаева Ажар Шалтембайқызы келді. Кездесу кешіне ата-аналар мен ұстаздар қатысты. "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының сарапшысымен жүздескен ата-аналар мен ұстаздар өскелең ұрпаққа рухани тәрбие берудегі сынды түйіткілді мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу өте жақсы әсерде өтті.







