19
ноябрь
2022
ЖАДЫНАМА
Туберкулез туралы не білу керек
Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі, бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталады. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларын - сүйек, бүйрек, ми және ми қабықтарын, тері, көз және басқа да ағзаларды зақымдайды. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Туберкулез - адамнан адамға ауамен таралады. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам сөйлеген кезде, жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін ағзаға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерінің енуі жеткілікті.
Туберкулез белгілері:
- Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел
- Шаршау және әлсіздік
- Дене салмағының төмендеуі
- Температураның ұзақ көтерілуі
- Түнде тершеңдік
- Кеуде қуысындағы ауырсыну
- Қан түкіру
Туберкулезді анықтау әдістері:
- Туберкулинодиагностика (Манту) - адамның жұқтырғанын көрсетеді.
- Рентгенологиялық тексеру (флюорография) - өкпенің зақымданғанын көрсетеді.
- Қақырықты зерттеу - жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.
Туберкулинодиагностика (Манту) - бұл вакцинация емес, балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруын ерте анықтаудың негізгі әдісі. Туберкулинодиагностиканы білектің ішкі бөлігінің тері ішіне Манту сынамасын қою арқылы жүргізеді және сынама нәтижесін 72 сағаттан кейін анықтайды. Бұл әдіс баланың ағзасына туберкулез микобактерияларының енгенін ерте анықтауға қолданатын тиімді әдіс. Себебі адамның физиологиялық жетілу ерекшеліктерін ескере отырып, өкпені рентгенологиялық жолмен тексеру 15 жастан бастап жүргізіледі.
Туберкулезге қарсы жаппай вакцинациялау (БЦЖ) жаңа туған нәрестелерге перзентханаларда жүргізіледі. Вакцинациялауға уақытша қарсы көрсетілімдері бар жаңа туған нәрестелер, сондай-ақ БЦЖ екпесінен кейін тыртығы дамымаған балалардың қайта егілуі тұрғылықты мекен – жайына қарасты емханаларда жүргізіледі. Вакцинаны егу бөлмесінде анасының қатысуымен және хабардар етілген жазбаша келісімімен жасалады.
Туберкулезге қарсы вакцинациялаудан кейін балаларда қалыптасқан иммунитет тек белгілі уақытқа дейін сақталады. Сондықтан вакцинациядан бірнеше жыл өткен соң оны қайталау қажет, яғни ревакцинация жасалады. Біздің елімізде ревакцинация 6 - 7 жаста, орта мектепке 1-ші сыныпқа келгенде жаңа оқу жылының бірінші айында жасалады.