28
октябрь
2022
Гимназияішілік пәндік олимпиада 2022
ссылка1
Бүгін гимназияда жаратылыстану бағыты бойынша математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндері бойынша олимпиаданың екінші кезеңі өткізілді. Олимпиаданың екі кезеңінің күрделі де қызық тапсырмалары қатысушылардан терең білім мен ұтқыр ойды талап ете білді. Олимпиадада жеңіске деген құлшыныс, табандылық пен еңбекқорлық оқушыларымызға оңай алға шығуға мүмкіндік берді. Әрине олимпиадада жеңімпаздар бар, бірақ жеңілгендер жоқ. Өйткені, әрбір білім сайысы оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне елеулі әсер етіп, болашақтағы жоспарларын орындауға серпін берді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар қалалық олимпиадаға жолдама алады.