02
октябрь
2022
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы" КММ директоры Малгаждарова Жанат Зейнелевна.
30 қыркүйек күні қаламызға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы келіп, халықпен кездесу өткізді. Президент жергілікті жұртшылықпен кездесуінде Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше әрі төл шежіремізде айрықша орны бар өлке екенін атап өтті. Абай, Мұхтар, Шәкәрім еліне сапарында Президент облыстың қарқынды дамыту жоспарын құрып, жүзеге асырылуын тапсырды. Бүгінгі таңда, еліміздің жарқын болашағы ұлы Абай атамыз айтып кеткен "Толық адамның" қолында екеніне назар аудартты. Президенттің халық игілігіне арналған ұлы бастамаларын қолдаймыз. Мәдениетті Жаңа Қазақстанды құру жолындағы президент бастамаларын бірге жүзеге асырайық.


