«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ұжымы бүкілқалалық сенбілікке шықты.
Тазалықты жанына серік еткен ұстаздарымыз бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді, қоқыс қалдықтарын жинақтап, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты. Сенбілік жұмысына белсене қатысқан тазалық жанашырларына алғыс білдіреміз!