28
май
2022
Мамыр айының 28 күні гимназия қабырғасында педагог-психологтар «Стресске төзімділік жаттығулары» атты педагогтарға арналған психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің басты мақсаты - мұғалімдердің кәсіби шаршауының алдын алу, күйзеліске төзімділігін арттыру, психологиялық өзін-өзі реттеу дағдыларын меңгеру. Педагогтарға стресттің алдын алу үшін «Алтын ережелері» ұсынылды. Жүргізілген жаттығулар бұлшықет тонусына және мидың эмоционалдық орталықтарына әсер етудің тиімді құралы болып табылады.