21
май
2022
«Физика әлемінде» атты интеллектуалды сайыс өткізді.
📚2022 жылдың 19 мамыр күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің ФИ1-101 тобының машықкерлері Төкенова Еркежан, Қалқабекқызы Айзат, Қалиханов Мейрамбек, Қадыс Қайнар, Сағынғалиева Жадыра 7 сыныптар арасында «Физика әлемінде» атты интеллектуалды сайыс өткізді.
🔹Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
🔹Оқушылар «Ұшқыр ой» сұрақ-жауап, «Құпия ұяшық» жұмбақтар, «Ойлан тап» формула табу, «Физика – біздің өмірімізде» плакат қорғау кезеңдері бойынша өз білімдердерін сынады.
🔹Сайыс қортындысы бойынша 7 “В” сынып оқушылары 1 орын, 7 “Ә”, “Б” сынып оқушылары 2 орын, 7 “А”, “Ә” сынып оқушылары 3 орын иеленді.









