30
март
2022
2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа оқушылар қабылдау тәртібі
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды 1-сыныпқа қабылдау конкурс арқылы өткізіледі.
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 275 бұйрығы негізінде).
- Сәуірдің 1-інен 30-ына дейінгі аралықта 1 сыныпқа қабылдау конкурсына қатысу үшін балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жазбаша өтініштері қабылданады;
- Жазбаша өтініштері тіркелгеннен кейін балалардың конкурсқа келу уақыты белгіленеді;
- Әңгімелесу белгіленген мерзімде балалардың ата-анасымен, немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен өтеді.
- Конкурс қорытындысы өтініш білдіргендер толық емтихан тапсырып болғаннан кейін, 15 маусымға дейін жарияланады.
ЕСКЕРТУ:
Конкурста балалардыңдаярлық тобындағы бағдарламаға сәйкес білімдері мен мектепке жан-жақты дайындығы ескеріледі:
- Сауат ашу негіздері, сөйлеуге дайындығы(Әріпті тануы, оқуы, сөздік қоры, мақал-мәтел, ертегі айту, өз ойын жеткізе білуі, шағын әңгіме құрастыру, т.б. дағдылар)
- Қол моторикасы және жазуға дайындығы (жазу моторикасының жетілуі т.б. дағдылар )
- Қарапайым математикалық ұғымдардың қалыптасуы(санай алуы, қарапайым есептеулерді білуі, геомертиялық фигураларды ажырата білуі т.б.)
- Қоршаған орта туралы түсінігі (жыл мезгілдері туралы түсінігі, уақыт туралы т.б. ұғымдар)
- Мінез-құлық дағдылары(ойлау,ес,қиял, есте сақтау қабілеті т.б.)
- Өзі туралы білетіні (бала өзі туралы, сүйікті ісі және отбасы туралы әңгімелеуі)
Қабылдау комиссиясы
Қосымша мәліметтерді мектептің электронды желілері арқылы ала аласыздар:
@37gimnazia.semey
37-semey.mektebi.kz
8 (7222) 52 – 39 – 70

