02
март
2022
6 сынып ата-анасы Алжанова Шолпан. “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ-інде 2 наурыз-Дүнижүзілік дауыстап оқу күніне арналған “Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз” акциясы өтті. Акцияға оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар қатысты.
1-сыныптар “Әліппе әңгімелерін”, 2-сыныптар “Әжемнің ертегілері”, 3-сыныптар “Ы.Алтынсариннің әңгімелерін” 4-сыныптар “Ең керемет дәм”, 5-сыныптар М.Әуезовтың “Көксерек”, 7-сыныптар Ғ.Мүсіреповтің “Ана туралы аңыздар”, 8-сыныптар Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпан” шығармаларын оқыса, гимназия ұстаздары Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын оқыды.