07
февраль
2022
2022 жылдың 2 ақпанында «Мектептегі буллингке жоқ дейміз! Өзін-өзі бақылауға жол» республикалық мектеп парламенттеріне арналған вебинарға
«Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ –нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Досжанова Г.А., гимназия педагог-психологтары Серікқалиева Ш.С. мен Қызылбалаева Н.М. мектеп парламент президенті Черубаева А.М., 6 «Б» сынып жетекшісі Сыдыкова Ж.Т. және сынып оқушылары қатысты. Вебинарда СҚО, Петропавл қаласы С.Шаймерденов атындағы классикалық гимназия педагог-психологі Каршалова А.С. мектептегі зорлық-зомбылықтың түрлеріне тоқталды. Вебинар барысында оқушыларға тақырып бойынша видеолар көрсетілді. Оқушылар бірнеше жағдаяттарды талқылап, 6 «Б» сынып оқушысы Тайлямбек Ания белсене қатысты. Вебинар соңында оқушыларға кеңестер берілді.







