22
декабрь
2021
20.12.2021 ж күні 1 ”Ә” сынып жетекшісі ата-аналарға жиналыс өткізді.
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.
І жаттығу. "Өз балаңызды жақсы білесіз бе?" Ата-аналарға сұрақтар қою.
ІІ жаттығу: Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
ІІІ жаттығу. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...»
Рефлексия
1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?
2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?
«Тілек шамы»
Ата аналар жиналысына ДТІЖО Досжанова Г.А.
Бастауыш сынып ДОІЖО Датбаева Н.С.
Гимназия психологы Қызылбалаева Н.М. қатысып бала тәрбиесі жөнінде кеңестер берді.
