20
ноябрь
2021
Кабакаева Айман Есболатовна бастауыш сынып бірлестігінің айлығы аясында 3-сыныптар арасында "Кім шапшаң?" жылдам оқу сайысын өткізді.
Оқушылар "Төңкерілген мәтін", "Тізбекті жалғастыр", Әріптері жоқ мәтін, "Струп" тест, "Мюнстенберг" т.б. ойын тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ көрермендермен де "Струп" тест ойыны орындалып, бірнеше оқушы төсбелгімен марапатталды. Жылдам оқу, логикалық қабілеттерін дамытуға, шапшаң ойындар оқушылардың қызығушылықтарын оятып, кітап оқуда оқу жылдамдықтарын арттыруға себепші болды.





