Директор жанындағы кеңес
12.11.2021 күні директор жанындағы кеңес өткізілді. 5 сынып оқушыларының оқытудың ортаңғы сатысына бейімделуі және олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталған жұмыстар туралы айтып өтті. Ата-аналар мен оқушылар сұранысы негізінде қосымша білім беру, үйірме, клуб, спорт секцияларына қатысатын оқушылар туралы толық мәлімет берілді. Үйірме, клуб, спорт секцияларға қатысушылар арасындағы әлеуметтік топтағы оқушылардың қамтылуы туралы әлеуметтік педагог тоқталып өтті. 11 сынып оқушыларының байқау тестілерінің нәтижесіне, қорытынды аттестаттауға даярлық барысы жөнінде директордың бағдарлы оқуту жөніндегі орынбасары таныстырды. ДЖК қорытындылай келе қаулы қабылданды.





