20
август
2021
Қазақта қолына «Әліппе» ұстап, «Кел, балалар, оқылық» деп сауатын ашқан баланың барлығы Ыбырай(Ибраһим) Алтынсариннің есімін жақсы таниды.
Ғұмырын халық ағарту ісіне, мектеп ашып, кітап бастырып, бала оқытуға арнаған ұлт педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толады. Талантты ақын, терең ойшыл, қайраткер Ыбырай Алтынсаринді қазақ ұлттық педагогикасының іргесін қалаушы деп айтуға толық негіз бар.
«Бір әріп үйреткенге қырық күн сәлем бер» деген. Ал, Ыбырай – әріп қана емес, ғылым-білімнің, оқу–тәрбиеміздің негіздерін жасап, қабырғаларын қалап берген.
Бұл істе Ыбырай Алтынсарин – алғашқы ізашар тұлға.
Ыбырай мұрасы халқымыздың асыл мұрасы, қол жетпес қазынасы. Ыбырай Алтынсарин барша адамзаттың болашағын, тағдырларын ойлап, көп істерді атқарды. Сол үшін әр адам білімділікке талпынып, ізденіс пен сабырлықты жетелей ала жүріп, барша жетістікке, даналыққа жетуі тиіс. Әрбір азамат осындай кереметтей ақынды қадірлеп, есте сақтаулары, болашақ ұрпақтарға жеткізулері керек!

ссылка1